Нұсқаулық: «Халық қатысатын бюджет – 2025» жобасы аясында ұнаған аулаға қалай дауыс беруге болады?
15.04.2025 18:48:51 132
Өз аулаңызды абаттандыруды қолдағыңыз келе ме немесе басқа бір ұнаған жобаны дауыс бергіңіз келсе төмендегі нұсқаулықты қолдансаңыз болады. «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ресми сайтына saryarka.astana.kz кіріп, тіркелу қажет.
Дауыс беру тәртібі:
- Сарыарқа ауданы әкімдігінің сайтына кіріңіз
- Оң жақ жоғарғы бұрыштан «Кіру» батырмасын басыңыз
- ЭЦҚ сертификатын немесе өзіңізге ыңғайлы басқа тәсілді таңдаңыз
- «Маңызды» → «Халық қатысатын бюджет – 2025» бөліміне өтіңіз
- Ұнаған жобаға «Дауыс беру» батырмасын басыңыз
Маңызды: Дауыс беруге тек Сарыарқа ауданының тұрғындары қатыса алады (тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар)
1 адам = 1 дауыс
Дауыс беру 2025 жылғы 24 сәуірге дейін жалғасады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973369?lang=kk