eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды
15.04.2025 18:49:23 242
🚙 Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады. Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
📌 Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы.
Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алады. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді.
🖇️ Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады. Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» – «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде қолжетімді болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/973618?lang=kk