Былтыр туристік сала тұрақты өсім көрсетті – туризм министрлігінің өкілі
15.04.2025 18:50:53 231ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, өткен жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артқан.
«Жалпы, елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Бұл жерде жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендер есепке алынбаған. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде 1 күннен астам уақыт өткізді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Жалпы статистика жүйесін жетілдіру үшін келешекте ұялы байланыс операторларының деректерін, банк карталарының транзакциялары негізіндегі туристердің шығындары туралы ақпаратты пайдалану жоспарлануда. Бұл туризмді дамыту, сондай-ақ туристердің шығындарының көлеміне сәйкес мақсатты нарықтарды анықтап, ілгерілету бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
@ortcom_kz #CCS
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974077?lang=kk