Өрт сөндірушіні құрметпен зейнетке шығарып салды

Өрт сөндірушіні құрметпен зейнетке шығарып салды

15.04.2025 18:51:10 66

Шымкент қаласындағы №9  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  ұжымы  азаматтық қорғау органында 25 жылдан астам  қызмет еткен  өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы Руслан Тұрғынбаевты салтанатты түрде зейнетке шығарып салды.

Іс-шара барысында әріптестері  сөз сөйлеп, Руслан  Дүйсенұлының  жетістіктерін атап өтіп, адал қызметі үшін алғыстарын білдірді.

Руслан Тұрғынбаев-үлгілі өрт сөндіруші. Оған адал қызметі үшін берілген марапаттар дәлел бола алады.

Оның қызметінде еске алар сәттер өте көп: талай рет қарапайым және күрделі өрттер сөндірілді, көптеген адам өмірі құтқарылды, өрт сөндіру кезінде арнайы бас киімнің еріп, өзге үшін өз өмірін тәуекелге тіккен сәттерде болды.

Осындай үлгілі қызметі үшін әріптестері азаматтық қорғау старшинасы Руслан Дүйсенұлы Тұрғынбаевты  ерекше құрмет көрсетіп, естелікке сый-сияпат табыс етті. Одан әрі  іс-шара соңында өрт сөндірушілердің арасында дәстүрге айналған еңбек жолындағы соңғы дабылы қағылып, су шашу рәсімдері өткізілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/974210?lang=kk