Өрт сөндірушілер төтенше жағдайды тез арада жеңді
15.04.2025 18:51:25 253Өскемен қаласында, Сәтбаев даңғылында тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан сауда-сервистік компанияның кеңсесінде өрт болды. Жиһаз, кеңсе жабдықтары жанып жатты.
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері өртті 9 шаршы метр алаңда жедел тоқтатты.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
Өрт дабылының міндетті түрде жарамды күйде болуы тиіс.
Өрт кезінде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974287?lang=kk