Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
15.04.2025 18:51:43 2035Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу жоспарланған: ағымдағы жылдың 25 сәуірден 30 мамырына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: ru.nysanbaev@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-shymkent/press/news/details/974421?lang=kk