«ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының Қазалы теміржол вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді

«ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының Қазалы теміржол вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді

15.04.2025 18:52:05 110

Халық арасында туберкулез ауруын алдын алу мақсатында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы және Қазалы теміржол ауруханасы ЖШС маманымен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы теміржол  вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді. Семинар барысында туберкулездің белгілері мен оны анықтаудың әдістері, аурудың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға туберкулездің қауіптілігі мен аурудан сақтану үшін қажетті профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіріліп, денсаулықты сақтау мен қорғау бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, семинарда туберкулезге қарсы күресте жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау шараларының маңыздылығы, дұрыс тамақтануды мен жеке гигиенаны сақтау туралы, сондай-ақ, зиянды әдеттерден бас тартудың қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді және Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/974582?lang=kk