Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

15.04.2025 18:52:46 275

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс конкурсына құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы 11 сәуірден бастап 30 сәуір күнгі сағат 18:30-ға дейін KDGO-2025@mail.kz  электрондық мекенжайына қабылданады.

Конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/826508?lang=kk сілтемесі бойынша танысуға болады  

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың
3-тарауының 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар жиыны Қағидалардың 3-тарауының 10-тармағында көрсетілген.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 

8 (7172) 74-00-78, 74-10-08, 74-09-97.

Ескертпе! 

Өтінімді KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-00-78 нөмірі арқылы бізге міндетті түрде хабарласуды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974752?lang=kk