Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты
15.04.2025 18:53:03 275Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Бүгінгі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 3 гимнасты ақтық сынға жолдама алды.
Тұтқалы ат снарядында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов көш бастап тұр. Оның еншісінде 14.566 ұпай бар. Ал Зейнолла Ыдрысов 6-сатыға табан тіреп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды (14.300 балл).
Еркін жаттығуда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Осиекте 13.866 балл алды. Отандасымыз 2-орынмен ақтық сында.
Айта кетейік, ертең, 11 сәуірде де іріктеу өтеді. Содан кейінгі 2 күнге финал жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/974808?lang=kk