Ақтөбе қаласының дамуы мен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды

Ақтөбе қаласының дамуы мен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды

15.04.2025 18:53:31 231

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы қаламыздың дамуы мен 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы мәслихат депутаттарына баяндады.

2025 жылға қала бюджеті 175,3 млрд.тг. көлемінде бекітілді. Оның ішінде қалалық бюджет – 132,8 млрд.тг., қалғаны Ұлттық қордан, Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттер.

Транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатына 31,8 мдрд.тг. бөлініп, 49 жоба жүзеге асырылмақ:
3 күрделі жөндеу - Оңтүстік-батыс 1 және 2 тұрғын алаптарындағы жолдар, Телефонная көшесі
18 көшеде орташа жөндеу
28 жаңа жоба – жол құрылысы бойынша (Шилісай, Қызылжар-3, Астана, Бауырластар-1,4, Жаңақоныс-3,4, Жарық, Өрлеу, Ақжар-2, Кірпішті, Шестихатка)

Инженерлік коммуникациялардың құрылысына 12,8 млрд.тг. бағытталған:
7 тұрғын алаптарда электрмен жабдықтау желілерін салу (Жаңаауыл, Рауан, Сазды-3, Сарбаз, Оңтүстік-батыс, Жаңақоныс-4, AKTOBECITY)
7 тұрғын алаптарда газ желілерін салу (Ақжар плюс, Сазды-3, Рауан-2, Жаңақоныс-4, Оңтүстік батыс, Жаңаауыл, Баянауыл)
8 тұрғын алаптарда сумен жабдықтау желілерін, сорғы станцияларын салу (Шилісай-1, 2, Парасат, AKTOBECITY, Думан, Қарғалы, Жаңақоныс-5, Рауан-2)

Биыл 50 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары аяқталып, тағы 50 аулада жұмыстар басталады.

Жаңақоныс тұрғын алабында мәдениет үйі, ангар типті спорт ғимараты, 140 пәтерлік жатақхана құрылыстары, Қоныс СС аумағындағы алаңды абаттандыру жұмыстары аяқталмақ.

Сондай-ақ Ақтөбеде биыл демеушілердің қолдауымен 11 бос учаске абаттандырылып, саябақтар мен аллеяларға айналады. Олардың қатарында: Алтын Орда ауданында, М.Шоқай мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысындағы аумақ, М.Маметова көшесінің бойындағы “Керуен” ОСО қарсы беттегі бос жатқан учаскесі, Есет батыр тұрғын алабында мектеп пен көпқабатты үйлердің арасындағы бос кеңістік, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы (Космос аялдамасы) жер телімі, Автовокзал ауданы, Пацаев ескерткішінің артындағы жер (Әбілқайыр хан даңғылында), Сәңкібай батыр даңғылындағы учаске (Шинторг центр ауданында), “Теңге” сквері, “Дастан” қонақ үйі ауданы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/974976?lang=kk