ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА

15.04.2025 18:53:35 99

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Бұл – жыл басынан бері өткізілген 6-шы қабылдау. Осы кезеңде жалпы 56 азаматтың 67 түрлі өтініші қаралған.

Бүгінгі қабылдауға келген 13 азаматтың 4 мәселесі қабылдау барысында оң шешімін тауып, қалған өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді.

Қабылдаулар барысында пәтер және жеке тұрғын үй салуға жер телімін беру мәселесі жиі көтерілетіндігін атап өткен жөн. Аталған сұрақтар заң талаптарына сәйкес, тек кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда кезекте тұрған 240 азамат мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үймен қамтылды. Бұдан бөлек, өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 22 азамат, «Әулиеата жастары» жобасымен 2 азамат, ал «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша соңғы үш жылда 29 отбасы баспаналы болып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/974983?lang=kk