Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды.
15.04.2025 18:54:02 231
Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында композитордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланып, оның қазақ музыкасына қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.
Оқушылар Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салып, оның күйлері мен әндерінің ұлттық рухты көтерудегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, композитордың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып бейне ролик тамашаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/975099?lang=kk