Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары мен қонақтары
15.04.2025 18:54:28 176Қаратал ауданы ТЖБ ағымдағы жылдың 26 наурызынаң бастап «Өрт қауіпті маусым» басталғандығын ескерте отырып, қазіргі уақытқа дейін аудан аумағында 23 жану фактілері орын алғандығын жеткіземіз. Өрттердің себептері: тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы.
Осыған орай жану фактілерін алдын алу мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар, полиция және әкімдік қызметкерлері бірлесіп ұшқышсыз ұшу апаратымен рейдтер жүргізілетінің хабарлаймыз.
Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактілері аңықталған жағдайда, кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатының ескертеміз.
Өрт қауіпсіздік ережелерің сақтауларыңызды сұраймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/975215?lang=kk