ШҚО-да өрт сөндірушілер 150-ден астам шөптің өртену жағдайларын жойды

ШҚО-да өрт сөндірушілер 150-ден астам шөптің өртену жағдайларын жойды

15.04.2025 18:54:38 165

ШҚО ТЖД мамандары шөптің жану жағдайларына алаңдаулы. Тек демалыс күндері  150-ге жуық өрт оқиғасы жойылды.

Көбінесе шөп ашық жерлерде және саяжай қауымдастықтарының маңында жанады. Себептері – отты абайсыз қолдану жағдайлары.

ШҚО ТЖД ескертеді: халыққа ашық отты қолданғанда өте сақ болу қажет, желді ауа райында, үйлердің маңында от жақпау, құрғақ шөп пен қамысты өртеуге болмайды. Жол бойында көліктен сөндірілмеген темекі тұқылын, әйнек ыдыстарды лақтырмаңыз. От жақпаңыз!

Рұқсат етілмеген от, ошақ жағу және құрғақ шөпті өртеу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы " кодексінің 336-бабы бойынша – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы " кодексінің  410-бабы бойынша – ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған;

ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша – отты немесе қауіпті көздерді абайсыз қолдану салдарынан бөгде мүлікті жою немесе бүлдіру, ауыр зардаптарға немесе аса ірі залалға әкеп соққан жағдайда – екі мың АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

ШҚО ТЖД ескертеді: өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай учаскелерінің, кәсіпорындардың аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, құрғақ шөптен уақтылы тазарту қажет.

Табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек, өйткені мұндай өрттердің шамамен 90%-ы адам кінәсінен болады.

Егер сіз өртті байқасаңыз, бастапқы сатысында оны өзіңіз сөндіруге тырысыңыз, егер шамаларыңыз келмесе – 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975250?lang=kk