Қазақстанның зейнетақы жүйесі үздіктер қатарында
15.04.2025 18:55:25 275Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаншалықты тұрақты?
Жуырда Allianz компаниясы жаңартылған жаһандық зейнетақы есебін жариялады, онда Қазақстан 71 елдің ішінде 26-орынға ие болып, 2023 жылмен салыстырғанда өз позициясын айтарлықтай жақсартты (75 елдің ішінде 34-орын болған). Қазақстан Австрия, Сингапур, Гонконг, Қытай, Испания, Чили сынды елдерді басып озды. Allianz рейтингі кешендегі жүйелерін үш қосалқы индекс бойынша бағалайды. Қазақстанның жалпы көрсеткіші 3,6 балды құрады (1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша, мұнда 1 – ең жақсы нәтиже). Көрсеткіштердің бірі – зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы.Бұл нені білдіреді? Бұл – елдің зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді перспективада тиімді және үздіксіз жұмыс істеу қабілеті.
Тұрақтылықтың маңызды аспектілері:
1. Қаржылық тұрақтылық: болашақта зейнетақы төлеуге жеткілікті қаражаттың болуы.
2. Жинақтау тетіктерінің сенімділігі: азаматтардың шоттарындағы қаражат инфляцияны ескере отырып өсуі үшін зейнетақы қорларын тиімді басқару.
3. Демографиялық өзгерістерге бейімделу: жүйенің жарналарды төлейтін жұмыс істейтін азаматтар саны мен төлемдер алатын зейнеткерлер саны арасындағы тепе-теңдікті сақтау мүмкіндігі.
4. Әлеуметтік әділдік: зейнетке шығу мәселесінде барлық азаматтар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету. Егер зейнетақы жүйесі тұрақты болса, ол экономикалық дағдарыстарға, халықтың қартаюы сияқты демографиялық өзгерістерге төтеп беріп, зейнеткерлер үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады. Бұл нәтиже көптеген экономикасы озық деген Норвегия (4,0), Швейцария (4,2), Сингапур, Испания (әрқайсысы 4,4), Малайзия (5,4) секілді елдердің көрсеткішінен жоғары. Толық есеппен бірінші түсініктемедегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.enpf.kz/ru/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975529?lang=kk