ҚАЗАҚСТАН ГРЕКИЯ ҮШІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕС
15.04.2025 18:55:41 198Форум аясында FREZYDERMS.A. (фармацевтикалық өнімдер өндіру), «R&Dкосметикадепартаменті» (FREZYDERM), VIOHALCO S.A. (Еуропада металл өңдеуші компаниялардың жетекші холдингілік тобы), Upstream (нарықта сауданы жылдамдататын ықшам коммерция платформасы), PHARMEX S.A. (түрлі зерттеулер өткізеді және инновациялық өнімдерді әзірлеу бағыты бойынша жұмыс істейді), VK Premium (жеке және мемлекеттік секторларда консультациялық қызметтер көрсетеді), ADELCO S.A. (ірі грекиялық фармацевтикалық компания), METKA (EPC (Engineering-Procurement-Construction) ірі көлемді жобалар құрылысы, SABO SΑ (кірпіш–жабынқыш өнеркәсібі) сияқты компаниялармен екіжақты кездесулер өтті.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов іс-шараның негізгі міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген экономиканың барлық саласына жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру, бірінші кезекте еңбек өнімділігі жоғары машинажасау, химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, мұнай-газ, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі сияқты салаларға жаңа технологияларды енгізуге қатысты айтылған мәселелерді атап өткім келеді»,-деді ҚР ИДМ вице-министрі.
Форум барысында қатысушыларға Қазақстан мен Грекияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.
Анықтамалық:
2017 жылы елдер арасында сыртқы сауда айналысы 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда10%-ға ұлғайып 980 млн. АҚШ долл. құрады.
Қазақстанға Грекиядан импорт 25,0% артып, 16,5 млн. АҚШ долл. құрады (2016 жыл - 13 млн. АҚШ долл.).
Импорттың негізгі тауарлары:дәрілік құралдар 5,3 млн.АҚШ долл. (34,8%), темекі 1 млн. АҚШ долл.(6,6%), алюминий жұқалтыр 1 млн. АҚШ долл. (6,4%), киімзаттары 0,9 млн. АҚШ долл. (6,1%), жекетазалыққұралдары 0,8 млн.АҚШ долл. (5,1%) джем, пасталар 0,7 млн. АҚШ долл. (4,4%), мыс құбырлар0,6 млн. АҚШ долл. (3,8%), жаңаауланғаннемесесалқындатылғанбалық 0,5 млн. АҚШ долл. (3,4%), пластикыдысаяқ 0,5 млн. АҚШ долл. (3,1%), лифттер мен скиптікөтергіштер 0,4 млн. АҚШдолл. (2,6%), киви 0,3 млн. АҚШ долл. (2,1%) жәнебасқалары.
Қазақстанның Грекияға экспорты 963,5 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда алюминий жеткізудің артуы есебінен 10% артық болды (871 млн. АҚШ долл.).
Экспорттың 80%-ын мұнай алады, бұл тағам мен ауыр өнеркәсіпті қоса басқа салаларда өзара сауданың іске асырылмаған үлкен әлеуетін көрсетеді.
Экспорттынң негізгі тауралары:шикі мұнай 712,6 млн. АҚШ долл. (81,8%), алюминий 111,6 млн. АҚШдолл. (12,8%), буксирлер мен итергіш кемелер (уақытша әкету/әкелу) 29 млн. АҚШ долл.(3,3%), қалқыма маяктар (уақытша әкету/әкелу) 15,9 млн. АҚШ долл. (1,8%), іштен жану қозғалтқыштары 1,1 млн. АҚШ долл. (0,1%) және т.с.с.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25863?lang=kk