ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ KAUKO INTERNATIONAL ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСАДЫ

ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ KAUKO INTERNATIONAL ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСАДЫ

15.04.2025 18:55:43 209

Тараптар Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің (ИТК) энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу технологияларын ілгерілету мәселелерін талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, компания бірнеше бағыттар бойынша өзара әрекеттеседі және ИТК секторындағы цифрлық технологияларды енгізу жобаларына жинақталады. Оның ішінде, Интернет заттары мен телекоммуникациялық индустрия және PISARA саласында алдыңғы қатардағы жаңашыл, инновациялық шешімдерді және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніне арналған технологияларды жеткізіп берушісі болып табылатын UROS фин компаниясымен ынтымақтасу жоспарланып отыр. Компания өз мүмкіндіктері пайдалана отырып, су ресурстарын басқарудың цифрландыру тұжырымдамасын әзірледі. 

«SMART-технологияларды трансферттеу және су ресурстарын басқарудағы Интернет заттардың болашағы маңызды болып табылады. Бұл SMART жүйесін су циклдеріне, орталықтандырылған жылыту жүйелеріндегі шығындарды цифрландыру және онлайн режимінде мониторингілеу, қалалар мен ауылдарда құйылатын судың сапасы мен деңгейін қадағалау үшін интернетті орнату. Мұндай ресурстарды басқару жүйесі басқа секторларда, оның ішінде жылу, қуат және қалдықтарды басқару саласында сәтті қолданылған », - деді UROS компаниясының Басқармасы Төрағасы Юрки Халликайнен.

Өз кезегінде, ТКШ ҚазОрталығы компания мамандарының әзірлеген инфрақұрылымды-тұрғын үй кешеніндегі «цифрлық экономика» құралдарын енгізу арқылы E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасымен таныстырды. Жүйе саланың ашықтығын және ИТК субъектілерінің толық қамтуды қамтамасыз етеді. Финляндиядан келген мамандар аталған жобаны жоғары деңгейде бағалады және Қазақстан үшін оны іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі үлкен маңызға ие болады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев финдік компаниямен ынтымақтасу екі тарапқа да ұзақмерзімді пайда әкелетініне нық сенім білдірді.

«Қазіргі кезде, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірнеше жаңа жобалармен, оның ішінде ИТК цифрландыру бойынша жұмыс істей бастады. Финляндияның цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерін енгізу тәжірибесінің көптігі мен сәттілігін ескере отырып, саланы жаңғырту және дамытуда бірлесіп жемісті жұмыс атқаруда тығыз ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз», -  деді Басқарма Төрағасы.  

Еске сала кетейік, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешені секторындағы инновацияларды енгізудің оңтайлы нұсқаларын табу үшін белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізеді, ең озық және тиімді технологияларды талдайды.

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«Kauko International»Халықаралық компаниясы(Финляндия) өнеркәсіп, энергетика, инновациялар, «жасыл» мехнологиялар салаларындағы жобаларды орындауға мамандандырылған. Компания 100 аса алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілерді ұсынады, іске асырылған және іске асырылмаған қомақты жобалары бар. 

Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25871?lang=kk