ПОЛЬШАЛЫҚ ИНВЕСТОР «ХИМФАРМҒА» ҚОСЫМША 37 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН САЛАДЫ
15.04.2025 18:55:44 242Қазіргі таңда Қазақстанда «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірісте цифрлық технологияларды енгізу қазақстандық кәсіпорындардың табысты факторларының бірі болады және өндірістік үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
«SANTO» компаниясы, «Польфарма» (Польша) халықаралық фармацевтикалық тобының бір бөлігі бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында «Химфарм» АҚ қолданыстағы фармацевтикалық өндірісін cGMP (ағылш. GoodManufacturingPractice;Тиісті өндірістік практика) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша саладағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады.
2018-2022 жылдар аралығында «Химфарм» АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады. Ал, 2018 жылдың наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады.
Айтарлықтай қаржы құралдарын негізгі және қосалқы өндірістік үдерістерді автоматтандыруға, диджиталдандыруға жұмсау жоспарлануда: кадрлық іс жүргізудегі инновациялық ІТ-шешім – «Бұлтты HR»; өндірістік алаңдардағы қоймаларды басқарудың «ақылды» жүйесі, қызмет көрсету, жөндеу бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлауды және есепке алуды автоматтандыру жүйесі; адами және материалдық ресурстарды жоспарлау; өндірістегі сапаны қамтамасыз етуді автоматтандыру және басқару және басқалары.
Польшалық инвесторлар 2018-2022 жылдарға есептелінген «Химфарм» АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр.
««Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытында барлық негізгі өндірістердің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады.
2009 жылдан бастап Қазақстанда отандық өндірушілермен денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне арналған дәрі-дәрмек құралдарын бірегей дистрибьютор арқылы жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім-шарт жүйесі жұмыс істейді. Тек, «Химфарм» Ақ өзінде қазіргі таңда 5 қол қойылған келісім-шарт бар. Оларға сәйкес, бізде Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне арналған кепілдендірілген жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар инвесторларға келісім-шартталған сатылымдар мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Бұл заманауи және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірістерді құруға ынталандырады. Инвесторлар сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрлігінен инвестициялық келісім-шарттар есебінен преференциялар ала алады, отандық өнім берушілердің Қазақстанның Даму банкінен жеңілдікпен несие алу мүмкіндіктері бар. Қазақстанда отандық өндірушілер мен инвесторларды қолдаудың әртүрлі құралдары мен механизмдері әзірленген. «Химфарм» АҚ аталмыш құралдарды мүмкіндігінше тиімді пайдаланады», - деді «Химфарм» АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.
Қазіргі таңда кәсіпорында 1200-ден астам білікті қызметкер еңбек етеді. Олардың бір бөлігі «Польфарма» тобының шетелдік кәсіпорындарында және фармацевтикалық сала бойынша әлемдік көшбасшысы елдерде (жабдықтарды өндірушілер) оқып келді. Компания 12 фармакологиялық топтарға жататын 115 препаратты тіркеуден өткізген. Осылайша, парентералды үлгідегі (инъекциялар және инфузиялар), қатты үлгідегі (таблеткалар, капсулалар, саше ұнтақтары), антибиотиктердің асептикалық ұнтақтары, зарарсыздандырылмаған ерітінділер және сироптар өнімдері шығарылады.
«Біз «Polpharmagroup» өндіріске инновациялық технологияларды енгізе отырып, өзінің қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы ауқымын кеңейтіп отырғанына қуаныштымыз. Бұл республикадағы ең ежелгі фармацевтикалық кәсіпорын болып табылатын, «Химфарм» АҚ модернизациялаудың төртінші толқыны. Өндірісте «Индустрии 4.0» элементтері енгізіледі. Қосалқы реинвестициялардың арқасында Отүстік Қазақстан облысында жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді «KazakhInvest» АҚ ОҚО бойынша аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров.
Анықтама үшін: POLPHARMAGroupкомпаниялар тобы Польшаның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады. 6 өндірістік зауыттары, 6 ғылыми орталығы, 7300 астам қызметкерлері бар. Әлемдегі 20 жетекші генерикалық препараттарды өндірушілердің бірі болып табылады. Сатылымдар көлемі жылына 1 млрд. АҚШ долларынан астам. Компанияның портфелін – 600 астам препарат құрайды, әзірлеу кезеңінде 230 астам препарат бар.
Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде «KazakhInvest»Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Жұмыстар үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу; жекешелендіру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Ұлттық стратегияда шетелдік инвестицияларды тартуға арналған басымдықты салалар (АӨК, машина құрастыру, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, тау-кен металлургиялық кешені, сауда) және үлестеріне әлемдегі инвестициялардың 80 % тиесілі 11 басымдықты ел (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ) анықталған. 2022 жылға қарай, ТШИ жалпы ағыны 1,26 есеге артады; 2022 жылы жалпы ТШИ көлемінің ЖІӨ арақатынасы 19% дейін ұлғаяды; тиімділікті арттыруға бағытталған ТШИ 1,5 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1,46 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25873?lang=kk