КҮН БАТАРДА АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ҮЙЛЕРДІҢ САНЫ 7 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ
15.04.2025 18:55:55 231Қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігіне бекітілген № 5 секторда толығымен аяқталды. Осы учаскеде барлығы 83 үй, оның ішінде 11 көпқабатты үй жөнделді.
Жұмыстар Маңғыстау (98 %), Ақмола (98 %), Солтүстік Қазақстан (98 %), Жамбыл (97 %), Қызылорда (96 %), Батыс Қазақстан (96 %), Ақтөбе (96 %) және Павлодар облыстары (95%) секторларында жақсы қарқынмен жүргізілуде.
Аса қираған Арыс қаласын қалына келтірушілердің секторлары арасында артта қалушылар: Нұр-Сұлтан қ. секторы (21 %), Атырау облысының секторы (60 %), Шымкент қ. секторы (61 %) және Алматы облысының секторы (73%) бар. Жалпы алғанда, аталмыш учаскелердегі бұзылуға жататын Арыстың барлық үйлерінің 50%-ы немесе 200-ден астам саман тұрғын үйлер, оның ішінде жарылыс толқынына төтеп бере алмаған ескі үйлер апатты деп танылды. Қалада барлығы 429 үй қайта тұрғызылуда. Негізгі күштер оларды тұрғызуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, қалада қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде құрылысшылар кезек тәртібімен, шатырларды ауыстырады, содан кейін терезелер мен есіктерді орнатады. Одан кейін кезек тәртібі бойынша тұрғын үйлерде әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіру барысы тұрақты бақылауда тұр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26152?lang=kk