ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
15.04.2025 18:55:58 198Өңірде Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары өз қызметін жүргізуде, олар өңірлерде министрліктің өкілдері ретінде жалпы мақсаттарды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы Мереке Пішембаев 2019 жылдың 15-16 тамызында Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында хабарлады.
Жұмыс сапары аясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың, ҚР МҚІА облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметовтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басшысының орынбасары Ерік Есеновтің қатысуымен министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында облыс бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Байкен Жұмабаев және басқа да басшылар кадрлық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету және заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар, М. Пішембаев Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына, сондай–ақ "Теміртау– Қарағанды", "Қарағанды – Балқаш", "Балқаш-Бурылбайтал" автожолдарын қайта жаңарту құрылыс алаңына және "Қарағандының Шығыс айналма жолы" және "Қарағандының солтүстік айналма жолы" жобаларының құрылысына барды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26227?lang=kk