KAZAKH INVEST ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
15.04.2025 18:56:04 561Форумға АЭА-ның барлық өкілдері қатысты. Онда Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодардың арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА басқарушы компанияларының басшылары іс-шара қонақтарын АЭА-ның ерекшеліктерімен, табысты іске асырылған жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, даму тәжірибелерімен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев аталмыш іс-шараның мақсаты мен негізгі міндеттері туралы айтты.
«Бүгінгі іс-шара ҚР АЭА-ның басқарушы компанияларының, АЭА-ның резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізу алаңы болып отыр. Бұл өз кезегінде елдегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді»,-деді Біржан Канешев.
Управляющий директор Департамента развития СЭЗ АО «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Даму департаментінің басқарушы директоры Еркежан Амирханова «Қарағандының «Сарыарқа» АЭА базасындағы ҚР АЭА электронды интерактивті картасының тесттік нұсқасын таныстырды. Ол АЭА көрсеткіштерін, жер учаскелерін, фирма байланыстарын нығайтуға мақсатында әзірленген. Интерактивті база инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәртебесін және инфрақұрылым құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Форум аясында «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағындағы табысты іске асырылған жобалардың бірі - ескі автокөліктерді қайта өңдеу арқылы болат, алюминий және түсті металдарды өндіру жөніндегі зауыт - «Recycling Company» компаниясы таныстырылды.
Іс-шараға қызығушылық танытқан Жапониядан келген қонақтар мен Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері отандық компаниялармен іскерлік байланыстар орнатып, одан әрі ынтымақтасу ниетін білдірді.
Сондай-ақ, форум аясында АЭА-н басқаратын компаниялармен заң жобасын және АЭА дамытудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Айта кетейік, өңірлердің қарқынды дамуы, инвестиция тарту, технологияларды тарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында Мемплекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Өңірлердің кластерлік дамуын қамтамасыз ету мақсатында АЭА түрлі салалық бағытта жұмыс істейді.
Мысалы, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібі, химия, мұнай химиясы, «ИТП» АЭА ақпараттық технологиялар бойынша, Павлодар АЭА химия және мұнай химиясы бойынша, «Сарыарқа» АЭА металлургия және ауыр машина жасау салалары бойынша маманданған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26915?lang=kk