ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ФОРУМЫНДА «ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ» ҰСЫНДЫ

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ФОРУМЫНДА «ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ» ҰСЫНДЫ

15.04.2025 18:56:06 286

Форум халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы инвестициялық климатты реформалау бойынша қабылданған табысты шаралар туралы және «Ұлттық инвестициялық стратегия» аясында жоспарланған алдағы реформаларды мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Форум алаңында вице-министр Ерлан Хаировтың шет елдердің және халықаралық ұйым өкілдерімен екі жақты кездесуі өтті.

ЮНИДО-ның саясат және қолдау бағдарламалары дирекциясының басқарушы директоры Фату Хайдармен кездесті. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ЮНИДО-ның қазақстандық бағдарламаларын сараптау, болашақта атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Австрияның Австрия Федералды экономикалық палатасымен кездесуде пікір алмасты. Қазақстандық вице-министр инвесторларды, қабылданған инвестициялық стратегияны, жекешелендіру жоспарларын, МЖӘ пен АХҚО-ң ашылуы туралы хабардар етті.

Австрия тарапы австриялық компаниялардың технологияларымен таныстырды. Көлік инфрақұрылымын дамыту, ақылды қалаларды дамыту, сондай-ақ, жаңа технологиялар саласындағы өз қызметтерін ұсынды.

Сонымен қатар, Мьянма, Кения, Тунис, Гана, Грузия және Моңғолия өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Оның барысында ЭЫДҰ тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, шетелдік делегаттарға Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27114?lang=kk