27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
15.04.2025 19:04:18 242
Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмысы аясында 27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараны Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының төрағасы А.В. Морева және Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С.С. Сагадиева ашты.
Шеберлік сабақтарын Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің, Қарағанды қаласының мамандандырылған музыка мектеп-интернатының, Саран қаласының балалар өнер мектебінің педагогтары өткізді.
Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын үйренді. Іс-шара нәтижелі, тиімді және тәрбиелік мәні зор болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968183?lang=kk