КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
15.04.2025 19:04:41 264
Халық банкі Ақтөбе облыстық филиалы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, палатаның Мұғалжар аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалы Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Нұрлан Қосаев, Халық банкі Ақтөбе облыстық филиалы Шағын бизнесті несилендіру орталығының бас менеджері Аяжан Оспанова, банктің Мұғалжар аудандық басқармасының басшысы Бекзат Қайырмағамбет қатысып, мемлекеттік қолдаулар, кәсіпкерлер палатасы мен банктің кәсіпкерлік саласын несиелендіру бағыты бойынша бірігіп атқарып отырған жұмыстарына мәліметтер берді.
Кездесуде қатысушылар шағын бизнесті несиелендіру, жылдық мөлшерлемелер, әйелдер бизнесі, цифрлық кредит, бизнес-жобаларға қолдаулар туралы толыққанды мәліметтер алды. Кездесу барысында кәсіпкерлер ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарына жауаптарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/973191?lang=kk