«Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің медиа моделі» халықаралық конференциясы
15.04.2025 19:04:55 726
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Ақпарат және медиакоммуникация» орталығының ұйымдастыруымен онлайн және оффлайн форматта «Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің медиа моделі» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция мақсаты – әлеуметтік-психология, лудомания және буллинг мәселелерде БАҚ-тың рөлі, қоғамды ақпараттандыруға қосқан үлесі және ғылыми зерттеулері жайлы кең көлемде талқылау. Сонымен қатар, қоғамға және студент жастарға тигізер пайдасы мен күтілетін нәтижелерін бағдарлауға бағыттау.
Қоғамдық мәселелер қозғалған басқосуға Жамбыл облысы әкімдігі полиция Департаментінің баспасөз хатшысы Г.Мұхтарқұлова, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ош мемлекеттік университетінің психология кафедрасының меңгерушісі А.Олмасовна, Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Бағжанов, Халықаралық коуч, педагог Ғ.Бермаганбетов, Моңғолия Ғылым және технология университетінің іскерлік әкімшілік және гуманитарлық жоғары ғылымдар мектебінің директоры Э.Авирмед, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» директоры А.Сәдуақас, психолог Г.Бейсембек, «Jambyl-Taraz» газетінің бас редактор орынбасары М.Әлімхан, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А.Тұрлыбек, Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы А.Ұлтанбаев, БАҚ өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Конференция барысында мамандар тақырып аясында түрлі баяндама жасап, тұшымды ойларымен бөлісті.
Өкіл өз кезегінде қатысушыларға ҚР БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, буллингтің түрлері мен оның кері әсері, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын-алуда және студенттер арасында дау-дамайларды, жанжалдарды шешуде білім беру ұйымдағы медиация қызметі рөлінің маңыздылығы жайлы баяндама жасады.
Кездесу соңында мамандар толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/973745?lang=kk