ШҚО ТЖД қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты
15.04.2025 19:05:11 836
Қаланың тұрғындарымен бірге ШҚО ТЖД қызметкерлері облыс орталығының көшелерін тазалауға шықты.
Сенбілік басталар алдында сапқа тұру өткізілді, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық беріліп, әр қатысушыға жұмыс көлемі анықталды.
«Сенбіліктер — біздің ведомствода жақсы дәстүрге айналды және «Таза Қазақстан» акциясына қатысудың бір көрінісі. Өз күшімізбен қаламызды таза, жасыл етуге тырысамыз, бұл дәстүрді жас құтқарушылар буынына да сіңірудеміз. Сенбілік көпшілікке үлгі болып, қала тұрғындарының белсенді қатысуына себеп болады деп үміттенеміз. Себебі қаламыздың тазалығы әрқайсымыздан басталады», – деп атап өтті Департамент бастығының бірінші орынбасары Фархат Әміре.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975036?lang=kk