"Аялы әже" аудандық форумы өтті
18.04.2025 02:31:43 418
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Руханият» орталығында өнегелі дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған «Аялы әже» атты аудандық форум өтті. Форумға облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы әжелер алқасының төрайымы Рәзия Қалжанова, «Қазақ Аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық және қалалық бас төрайымы Алтынай Былаева, облыстық әжелер алқасының мүшесі Орынша Әлімбетова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және аудандық әжелер мектебі мүшелері, әжелер ансамбльдері мен ақ жаулықты аналар қатысты.
Форум барысында ардақты әжелер «Руханият» орталығы алдына гүл отырғызу шарасына қатысты. Мұнан соң ұлттық киім киген әжелер шеруі, «Руханият» орталығымен таныстыру, жүн сабау және ұршық үйіру дәстүрі мен әжелердің немерелерінің бұрымдарын өру ұйымдастырылды.
Сонымен қатар құрметті меймандар республикалық, аудандық қолөнер сайыстарының жүлдегерлері, ауданның ардақты әжелері Ұлбосын Бекмағанбетова мен Алтын Нұртаеваның өз қолдарынан шыққан туындыларымен танысты. Және де ұлттық тағамдардан дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/976185?lang=kk