Әскери оқу-жаттығулар: Маңғыстау облысындағы ауыл шартты лаңкестерден тазартылды

Әскери оқу-жаттығулар: Маңғыстау облысындағы ауыл шартты лаңкестерден тазартылды

18.04.2025 03:33:10 253

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы өтті. Оған 300-ден аса әскери қызметші және 20-дан астам техника тартылды.   

Іс-шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау полкі базасында өтті.

 Бірінші кезеңде жеке құрам дабылмен көтерілді. Әскери қызметшілер қару-жарақ алып, техника рота лектері құрылатын ауданға жіберілді. Содан кейін батальондық тактикалық топ 50 шақырымдық марш жүріп, оқу-жауынгерлік тапсырманың барлық элементтерін пысықтады.

Соңғы кезеңде маневрлер аймағында барлау бөлімшелері заңсыз қаруланған құрама иеленген ғимараттарды басып алу операциясын сәтті өткізді.

Операцияға 20-ға жуық қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде танктер, сауытты транспортерлер, артиллериялық зеңбіректер, реактивті дүркіндетіп ату жүйелері және зениттік қондырғылар жұмылдырылды.

– Бөлімшелер алғаш рет барлау-атыс және соққы беру кешендерінің, соның ішінде батареяға қарсы кешендердің құрамында тактикалық іс-қимылдың жаңа тәсілдерін пысықтады. Ұшқышсыз басқару құрылғыларымен күресу үшін мобильді тактикалық топтар тартылды. Дағдарыс жағдайында бөлімше командирлерінің өз бетінше шешім қабылдауына ерекше назар аударылды, – деп атап өтті барлау полкінің командирі подполковник Мұрат Әшірбаев.         

Оқу-жаттығу командирлердің басшылық дағдыларын дамытуға, батальонды жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру кезінде штаб пен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976414?lang=kk