Наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылды

Наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылды

18.04.2025 03:53:52 2393

2025 жылғы наурызда 147 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артық.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%, тағы 14 266 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,2% құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе өскен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/976478?lang=kk