"Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері" тақырыбындағы cеминар-тренинг
18.04.2025 07:47:12 2970 2025 жылдың 15 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Абишев Тастемир Даутович және Президент Әкімшілігінің делегациясы қатысты.
Семинар модераторлары ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері сөз сөйледі:
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жаркенова С.Б.;
- Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты, «Байқоңыр» ауданы бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі заң кеңесінің меңгерушісі Осокина И.Ю.;
- Қазақстанның Ұлттық құрылтайының мүшесі, Қазақстандағы заңды тұлғалар бірлестігі «Дағдарыс орталықтары одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы, Алматы қаласындағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығының директоры Байсакова З.М.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/977436?lang=kk