«Парыз-2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурс туралы

«Парыз-2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурс туралы

18.04.2025 08:44:08 3252

Саран қаласының, Ақтас кентінің кәсіпорындары мен ұйымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз-2025» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурс кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылы 1 шілдеге дейін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізіледі. Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады.
Конкурсқа бес номинация бойынша өтінім беруге болады:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
- «Үздік ұжымдық шарт»;
- «Экологияға қосқан үлесі үшін»;
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».
«Парыз-2025» конкурсына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, анықтама телефоны 76770.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/977630?lang=kk