Албанияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Албанияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

18.04.2025 09:15:47 473

Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Албанияның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі (қоса атқарушы) Блерта Кадзадештен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Албания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуал мен өзара іс-қимылдың келешегін талқылап, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы байланыстардың күн тәртібін қарастырды.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Албания арасындағы сындарлы диалогтың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ тарапының серіктестікті одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін жеткізді.

Сұхбат барысында 2023 жылы Астанаға Албания Президенті Байрам Бегайдың жасаған ресми сапарының маңыздылығы мен Албания Премьер-министрі Эди Раманың 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуы ерекше аталып өтті.

Тараптар 2024 жылы Тиранада Қазақстан Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік институционалдық негіз қалағанын баса айтты.

Сонымен қатар 2025 жылғы наурызда Тирана қаласында өткен СІМ аралық алғашқы саяси консультациялардың өзектілігіне де назар аударылды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, келешегі зор бағыттар ретінде туризм, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салалары айқындалды.

Кездесу соңында Р.Василенко Б.Кадзадешке дипломатиялық миссиясында толағай табыс тіледі.

Өз кезегінде Албания Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы табысты серіктестікті дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977725?lang=kk