Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке
18.04.2025 14:41:48 250712 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/978882?lang=kk