Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы
24.04.2025 22:15:42 1733
Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың 14 қазан – 16 қазан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді.
Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1090720?lang=kk