Аудан әкімі "AMANAT" партиясының облыстық филиалы төрағасын қабылдап, "Таза бейсенбі" акциясына қатысты

Аудан әкімі "AMANAT" партиясының облыстық филиалы төрағасын қабылдап, "Таза бейсенбі" акциясына қатысты

24.04.2025 23:01:11 440

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановты қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы ауданды филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Болатбек Ұлтанбекұлы қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, барлық салада оң серпін бар екенін жеткізді. Алмасбек Есмаханов ауданның әлеуеті зор екенін айтып, ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар ауданның соңғы жылдардағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
Мұнан соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген «Таза Бейсенбі» акциясында тал егу іс-шарасына қатысты. Акция Тереңөзек кентіндегі «Тағзым» алаңында, «Құрметті азаматтар» аллеясында өтті. Акцияға қатысушылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай боздақтарға арналған ескерткішті тазалап, әрлеу, сырлау жұмыстарын жүргізді және "Тағзым алаңы" айналасын тазартты.
Аудан басшысы «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасымен бірге «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін бастаған кәсіпкердің жұмысымен де танысты.
Жеке кәсіпкер Азамат Ысқақов басқаратын ЖК «Искаков» «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы құмблок өндіру үшін құрал-жабдыққа 6 млн. теңге несие алған. Бүгінде сұранысқа сәйкес құмблоктар шығарылып, Қызылорда қаласы мен көршілес аудандарға, ауданның елді мекендеріне сатылуда. Өндіріс орнында 3 адам жұмыспен қамтылған.
– Үстіміздегі жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша 144,5 млн. теңге соммасына 22 жоба өтінім тапсырған. Несие комитетінің шешіміне сәйкес 55,8 млн теңгеге 9 жобаға несие мақұлданды. Жоба бойынша атқарылған жұмыстармен Премьер-министр Олжас Абайұлы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы арнайы келіп танысып, оң бағасын берді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
«AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы ауданда партияның стратегиялық мақсаттары аясында атқарылып жатқан істердің тиімді жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979825?lang=kk