Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”

Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”

25.04.2025 06:13:43 484

   Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”
   2025 жылдың 22 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері маңызды да ізгі іске - қан донорлығы бойынша челленджге қатысты.
   Әрбір тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қатысу оңай, ал нәтижесі - баға жетпес!
«Ешкім ертең өзіне немесе жақындарына донор қаны қажет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан барлығымыз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек», - деп атап өтті біздің донорлар.
   Акцияға қатысқан барлық жандарға жанашырлығы мен ізгілігі үшін зор алғыс айтамыз!

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982495?lang=kk