Солтүстік Македония СІМ басшысы Қазақстан Елшісін қабылдады

Солтүстік Македония СІМ басшысы Қазақстан Елшісін қабылдады

28.04.2025 04:35:24 165

Скопье, 22 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.

 Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуының күн тәртібін талқылады.

С.Бұршақов Министрді ү.ж. 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына Солтүстік Македония делегациясының қатысуы бойынша дайындық барысы туралы хабардар етті.

Келіссөздер барысында Қазақстан дипломаты македон тарапына екіжақты шарттар жобаларын келісу процесін жеделдетуді, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды.

Өз тарапынан Т.Муцунски екіжақты қатынастардың күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, белсенді өзара іс-қимылға, оның ішінде ресми сапарлар ұйымдастыруға дайындығын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/983179?lang=kk