"Таза Қазақстан" акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
28.04.2025 04:35:34 396
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Көркейту іс-шарасына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсин, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде, Сыр өңірінде, ауданымызда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» дейді. Ағаш егу – атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бүгін отырғызылған әрбір көшет ертең саялы баққа айналып, тұрғындар игілігін көреді, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Ағаш отырғызу іс-шарасы аудан орталығындағы «Парасат» алаңында ұйымдастырылып, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан басшысы тұрғындарды туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/983125?lang=kk