Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту жолдары талқыланды

Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту жолдары талқыланды

28.04.2025 06:02:44 165

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараны Министрлік ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кеңес мемлекеттік органдарда ашықтықты арттыру және ішкі бақылауды күшейту курсы шеңберінде өтті. Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің мамандары қатысты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Жетісу облысы бойынша өкілі қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдарын, оның түрлері мен заңнамада көзделген жауапкершілікті еске салды. Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тізімін кеңейту және оны жасағаны үшін санкцияларды қатаңдату туралы айтып, профилактиканың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат міндеттерін және оны жергілікті жерде іске асыру тетіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

ҚР ҰЭМ Аппаратының басшысы Олжас Сыздықов қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілердің - басшылардың ғана емес, қатардағы құрам мамандарының да дербес жауапкершілігіне назар аударды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл әрбір қызметкердің қатысуы маңызды жүйелі және күнделікті процесс екенін атап өтті.

Кеңес соңында Олжас Сыздықов агенттік өкілдеріне мазмұнды диалог үшін алғысын білдіріп, ішкі бақылауды күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты құрылымдарында алдын алу тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмаларды жеткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/984200?lang=kk