Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
28.04.2025 20:54:21 363
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылғы 5 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2025 жылғы 5 мамыр сағат 10:00-де Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 56 (акт залы) мекенжайы бойынша немесе ZOOM арқылы қатысуды сұраймыз.
Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ ZOOM сілтемесін алу үшін 8-7152-46-33-29 телефоны арқылы хабарласа алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/984495?lang=kk