Маңғыстау ҚАЖ департаменті «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Маңғыстау ҚАЖ департаменті «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

28.04.2025 21:29:08 154

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен мекемелердің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.

Шара барысында департамент пен мекемелер ғимаратының аумағында 20 түп ағаш отырғызылып, жасыл желектер әктелді. Сонымен қатар аумақтардан 30 қап қоқыс шығарылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер аумақты өз қолдарымен тазалап, экологиялық мәдениетті арттыруға үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985250?lang=kk