«Түркістан – Самарқанд» бағыты бойынша халықаралық рейстің алғашқы жолаушылары Cамарқанд қаласына келді

«Түркістан – Самарқанд» бағыты бойынша халықаралық рейстің алғашқы жолаушылары Cамарқанд қаласына келді

08.05.2025 08:01:57 165

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «QAZAQ AIR» әуекомпаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Түркістан – Самарқанд» бағыты бойынша халықаралық рейсті іске қосты. Әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың 1 мамырында Самарқанд халықаралық әуежайында өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов, «QAZAQ AIR» АҚ-ның коммерциялық директоры Сүлейман Мирзаев, Самарқанд облысының мәдениет және туризм басқармасы бастығының міндетін атқарушы Журабек Сүйінов, Самарқанд қаласы әкімдігінің, баспасөз және «Air Marakanda» компаниясының (Самарқанд халықаралық әуежайын басқару жөніндегі оператор) өкілдері қатысты.

Түркістан мен Самарқанд арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы туристік, мәдени және іскерлік байланыстарды дамыту үшін жаңа перспективалар туғызады.

Бастаманы туроператорлар мен іскер топтар жоғары бағалауда. Сарапшылардың пікірінше, тікелей рейс логистиканы едәуір жеңілдетеді және жол жүру уақытын қысқартады, бұл екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға ықпал етеді.

Ұшу аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбіде жүзеге асырылады, ұшу ұзақтығы 50 минутты құрайды. Ұшу кестесі:

  • Бейсенбі:

  - Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00

  - Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50

  • Жексенбі:

  - Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00

  - Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00

  • Бір бағытқа билет бағасы - 23 000 теңге.

Астана, Қарағанды және Қостанайдан келген жолаушылар үшін Түркістан арқылы қосылатын ыңғайлы рейстер қарастырылған, бұл сапарларды тиімді жоспарлауға және жол жүру уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, Астана-Самарқанд рейстерінің кестесі:

  • Бейсенбі:

- Астана 16:15 – Самарқанд 20:00 (Түркістанда 1 сағаттық аялдама)

  - Самарканд 21:00 – Астана 01:30 (Түркістанда 50 минуттық аялдама)

  • Жексенбі:

  - Астана 07:25 – Самарқанд 11:00 (Түркістанда 50 минуттық аялдама)

  - Самарқанд 12:00 – Астана 15:30 (Түркістанда 40 минуттық аялдама)

  • Бір бағытқа билет бағасы - 41 000 теңге.

«QAZAQ AIR» қазақстандық әуе тасымалдаушысы жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 заманауи ұшақтарында рейстерді орындайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/988399?lang=kk