Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
09.05.2025 06:54:38 143Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.
Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990118?lang=kk