Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ерлікке тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті
09.05.2025 13:32:44 22
7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ерлікке тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты. Шара барысында соғыс ардагерлеріне арналған жаңадан құрылған «Ерлік және Даңқ» залы мен «Отан қорғаушылар – ел тірегі» тақырыбындағы көрменің салтанатты ашылу өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990850?lang=kk