«Соғыстың сұрқы әйелге жат» /реквием/
09.05.2025 13:52:38 11
Авторы – С.Алексиевич
Қоюшы-режиссері – Б.Шамбетов
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 7-9 мамыр күндері сағат 19.00-де «Соғыстың сұрқы әйелге жат» қойылымы сахналанады. Екінші дүниежүзілік – Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан қиып, толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы демі қалғанша күрескен ерлердің қатарында нәзікжанды аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты. С.Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы, арман-мақсатының, күн сүйген келбетінің «күлге айналғаны» туралы сыр шертеді. Оқиға желісінің тартымды, сюжеті қызықты болғаны сонша жиналған көрермен қойылымды бір деммен тамашалайды. Спектакль соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетіледі.Ұлы мереке қарсаңында жүректі тербейтін, әйелдердің соғыс жайлы шынайы естеліктеріне құрылған бұл қойылымнан қапы қалмаңыз, көрермен!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990904?lang=kk