Польшаның Ұлттық мерекесі

Польшаның Ұлттық мерекесі

09.05.2025 14:42:15 6475

2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Польша Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Польша арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Польша арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1108101?lang=kk