Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

09.05.2025 18:12:51 55

Буэнос-Айрес, 2025 жылғы 7 мамыр - Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Аргентина астанасында болған кезінде Қазақстанның Құрметті консулдығында болып, ірі аргентиналық компаниялардың мүддесін қорғайтын «Da Rocha Gene Munraba» заң фирмасының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің күн тәртібінде сауда, тау-кен өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі, жасыл энергетика және минералды тыңайтқыштарды жеткізу салаларында екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері қаралды.

Елші сұхбаттастарын Қазақстандағы инвестициялық ахуалмен, елдің экономикалық, сауда-саттық, көлік-логистикалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан заңнамасының артықшылықтарымен таныстырды. Осы тұрғыда аргентиналық тарапқа Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ағымдағы инвестициялық жобалардың тізімі берілді. Тараптар диалогты жалғастыруға келісті.

Буэнос-Айрестегі Қазақстанның Құрметті консулдығының кеңсесінде Елші Болат Нүсіпов Құрметті консул Сантьяго Делукамен екіжақты Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Делука Елшіні ағымдағы жылдың сәуір айында Астанаға жасаған жұмыс сапарының қорытындыларымен таныстырып, сондай-ақ Құрметті консулдықтың биылғы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/991387?lang=kk