ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА "BATYRLARGA TAGZYM" ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА "BATYRLARGA TAGZYM" ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

12.05.2025 23:43:24 99

       Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысынан майданға аттанған 100 мыңнан астам батырлардың есімдері енгізілген цифрлық “Batyrlarga tagzym” интерактивті платформасы іске қосылды. Платформада батырлардың есімдерімен қатар архивтік фотосуреттер мен құжаттар цифрлық форматта ұсынылған.

       Қазіргі таңда Ресей мемлекеттік базаларымен интеграция жасау арқылы платформаның деректерін толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

       Платформаны қолдану үшін “Жеңіс”саябағында үш интерактивті LED экран орнатылды. Мерекелік шараға қатысушыларға өз ата-бабаларының есімін іздеп, олардың ерліктері мен тарихи деректерімен, өмірбаянымен танысуға мүмкіндік берілді.

       Ер есімі — ел есінде. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/993227?lang=kk