Тамаша нәтиже

Тамаша нәтиже

13.05.2025 04:13:28 143

Қазақстандық спортшылар байдаркада және каноэде ескек есуден өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Қарағандылық спортшылардың есебінде екі медаль бар.

Құрлықтық біріншілік Қытайдың Наньчан қаласында өтті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алып, жарыс иелеріне ғана жол берді. Біздің активте - 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. Қытай командасы турнирдің басынан аяғына дейін сенімді түрде көш бастады. Үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.

Жүлдегерлер қатарындағы Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері, Теміртау қаласының олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің тәрбиеленушілері-Виктор Степанов күміс медаль (каноэ, 200 ш) және Кирилл Тубаев «қола» (байдарка, mix 4×500 ш) жеңіп алды.

«Біз үшін 12 медаль – өте тамаша нәтиже. Күткеніміздей, негізгі қарсыластар қытайлықтар болды. Төрт алтын медальдың екеуін олимпиадалық қашықтықтан жеңіп алдық», - деп, атап өтті Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, Наньчанда өткен XX Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының барлық 26 спортшысы финалға шықты. Биылғы жылы жарысқа 20 елден 340 ескекші қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/993721?lang=kk