Қазақстанның Елшісі Польша Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстанның Елшісі Польша Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

13.05.2025 06:31:54 33

Варшава, 2025 жылғы 9 мамыр Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев сенім грамоталарының көшірмелерін Польша Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Владислав Теофил Бартошевскийге табыс етті. 

Кездесу барысында қазақстан-поляк қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты. Әңгімелесушілер алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін егжей-тегжейлі қарастырды.

Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Польша арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары қозғалды.

Поляк дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.

Т.Бартошевский Варшава Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын қолдау туралы келісімге келді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/993958?lang=kk